17:38, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын жүргізу құқы ресми түрде құпталуы тиіс- ресми өкіл Рамин Мехманпараст
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын жүргізу құқы ресми түрде құпталуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы Х Еуразиялық медиа форумында Иран Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст мәлім етті.

Иран ядролық мәселеге байланысты барлық мәселелерді шешуге дайын екендігіне тоқталған ол, «әлемде ядролық қаруды жою керек деген бастаманы көтеріп отыр. Осы орайда біз Қазақстанның ядролық қарудан бас тартудағы қадамын толығымен құптаймыз. Біздіңше, барлық елдер ядролық қарусыз әлем жақтасы болуы тиіс. Біз Таяу Шығыс өңірі үшін ядролық қарусыз әлем идеясын өзінің басымдығы етуі ұсынысын көтердік»,-деді.
«Біздіңше, еліміздің бейбіт ядролық бағдарламасын жүргізу құқы ресми түрде құпталуы тиіс»,-деп түйіндеді ресми өкіл.