Ақтөбеде қорғаныс істері бөлімі бастығының жұмыс орнында суицид жасағаны рас па
АСТАНА. KAZINFORM - Ырғыз аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы жұмыс орнында суицид жасады. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаменті растады.

- Осы жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы қызмет өткеру орнында суицид жасады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, орын алған жайт әскери қызметті өткерумен байланысты емес. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаменті әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп атап өтті ведомстводан.
Осыған дейін Ақтөбе облысында сарбаздың суицид жасағаны туралы жаздық.
«Ағымдағы жылы 23 қарашада Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады, — делінген хабарлама.