Ырғыз ауданы: Нұра ауылындағы 112 үйдің 100-іне су кірді

Су тасқыны
Фото: ҚР ТЖМ

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ырғыз ауданының Нұра ауылында 112 үй болса, оның 100-іне су кірді.

Ырғыз ауданының Нұра ауылында 100, Мамыр ауылында 22, Белшер ауылында 4 үйді су басты.

- Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов Нұра ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тұрғын үйлерін салу және орнын анықтау. Ертең барлық сала басшылары және Нұра ауылының бірнеше тұрғыны үй салуға арналған жерді анықтау үшін ауылға барады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданда біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін 195 отбасы өтініш тапсырған. Оның 10-ы ғана төлем алып үлгерді. Бүгінгі күнге дейін су тасқынының шығынын анықтау бойынша құрылған арнайы комиссияға 143 өтініш түсті.

Еске салсақ, Ырғаз ауданында 8 сәуір күні төтенше жпғдай жарияланды. Мұнда Торғай өзенінен су келіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар