10:34, 18 Шілде 2017 | GMT +5
Ішкі істер министрлігінің бас ғимаратында өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ҚР Ішкі істер министрлігінің бас ғимаратында өрт шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік ғимаратындағы бөлмелердің бірінде электр желінің тұйықталуынан өрт шықты. Кеңсе теxникасы өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға таңертең болды. Сол кезде барлық қызметкерлер жұмыс орнында болған», - деді ІІМ баспасөз қызметінің қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік ғимараты Тәуелсіздік көшесінде орналасқан. Нысан 17 қабаттан тұрады.