Испанияда Димашпен ән шырқаған қазақ қызы әсерімен бөлісті

АСТАНА. KAZINFORM – 8 қарашада Барселонада өткен жеке концертінде Димаш Құдайберген жанкүйерімен бірге сахнада ән шырқады. 15 жастағы қазақстандық Жәнел Әли ерекше сәттен алған әсерімен Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында бөлісті. 

Испанияда Димашпен ән шырқаған қазақ қызы әсерімен бөлісті
Фото: видеодан алынған скрин

Жәнел концертке ұлттық нақышта арнайы киім тіктіргенін айтты.

– Димашты шетелдіктер ұйып тыңдайды. Соның әсерінен қазақ тілін, дәстүрін үйренгісі келетіндер бар. Қазақтың оюлы ұлттық киімін киіп барғанымда бәрі таңғалды. Концертте Димаш «Қазақтар, барсыңдар ма?» деп сұрады, сол кезде мен алға ұмтылып сахнаға көтерілдім. Бірге «Ұмытылмас күн» әнін шырқадық. Алған эмоциямды айтып жеткізе алмаймын, – дейді ол.

Испанияда Димашпен ән шырқаған қазақ қызы әсерімен бөлісті
Фото: видеодан алынған скрин

Жәнел – әншіні сүйіп тыңдайтын кішкентай жанкүйерлердің бірі. Өзі де өнерге жақын. Димашқа еліктеп өсіп келе жатқан жас әнші болашақта қазақтың атын әлемдік деңгейде жаңғыртуды армандайды.

– Қазір Испанияда опера вокалында оқып жатырмын. Алдағы уақытта опера мен эстрада вокалын біріктіріп, ән шырқағым келеді. Димаш аға секілді қазақтың әнін әлемге таныту – мақсатым, – дейді жас әнші.

Айта кетейік, жақында Димаш Құдайберген Британияның «The Upcoming» журналына сұхбат берді. 

Соңғы жаңалықтар