Испанияда жерлеуге апара жатқан әйел аяқ астынан «тіріліп» кетті
АСТАНА.KAZINFORM - Қайтыс болғаны расталған әйел жерлеуге апара жатқанда қимылдаған, деп хабарлайды Mirror.

Әйелді жерлеуге дайындау үшін мәйітханадан жерлеу үйіне әкелген. Алайда бюро қызметкерлері егде әйелдің тамыр соғысын байқаған. Ол тіпті саусақтарын сілкіген.
Пальма қаласындағы жерлеу үйінің фельдшерлері оның тірі екенін растап, қалалық ауруханаға жіберген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Қазіргі уақытта қайтыс болды деген ақпараттың қалай қате берілгенін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізіліп жатыр.
Осыған ұқсас жағдай 2015 жылы Ресейде болған. Онда қайтыс болған адам мәйітханада тіріліп кеткен болатын.
Сондай-ақ 2010 жылы аустралиялық перзентханалардың бірінде таңғажайып оқиға болды. Өлі әрі шала туған нәресте анасы қолына алған соң өмір белгілерін көрсете бастады.
Айта кетейік, Испанияда Папа Францисктың қазасына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.