Испаниялық байқаушы: Бұл сайлаудың жаңа саяси буын үшін маңызы зор

«Сайлаудың өту процесі стандарттық үлгіде өтіп жатыр. Таңертең түрлі делегация мүшелерімен сөйлестім. Бәрі де ешқандай өрескел қателік болмағанын айтты. Бұл сайлау процесі Қазақстан үшін, Орталық Азия өңірі үшін өте маңызды. Қазақстан аталмыш аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Жаңа саяси буын үшін өте елеулі оқиға. Қауіпсіздік кеңесінде, БҰҰ-да өз орны бар мемлекет. Еуропа, Ресей, Қытай сияқты бірнеше ірі экономикамен шектесіп жатыр», - деді Испания өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Мажарстан өкілі бүгінгі сайлауда Еуропа елдеріндегідей барлық халықаралық стандарт сақталғанын айтқан болатын.
Ал «Аманат» азаматтық платформасы сайлау барысына қатысты алғашқы есебін жариялады.
Еске салсақ, Қазақстандағы сайлауды мыңнан астам шетелдік байқаушы қадағалауда.