Ыстықкөлде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM – 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 05:31-де Қырғызстанның Қытаймен шекарасында эпицентрінде шамамен 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: aa.com.tr/ru

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының алдын ала мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда (Как Шаал Тоо жотасы), Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым, Құмтөр кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде жатыр.

Бедел елді мекенінде жер сілкінісінің күші 2,5 балды құрады.

Қазан айында Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды.

19 қазанда жергілікті сағат 01:32-де Өзбекстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Еске сала кетсек, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мегаполистегі ғимарттар мен тұрғын үйлердің жер сілкінісіне қарсы қауіпсіздік паспортын жасап жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар