14:33, 30 Шілде 2025 | GMT +5
Италияда жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Авеллино және Беневенто провинциялары арасындағы аумақта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Жерасты дүмпуі Ирпиниядағы Бонито қаласынан 3 шақырым қашықтықта, 17 шақырым тереңдікте тіркелген. Эпицентрге ең жақын орналасқан елді мекендер — Авеллино провинциясындағы Мелито-Ирпино, Гроттаминарда, Мирабелла-Эклано және Фонтанароза қалалары, сондай-ақ Беневенто провинциясындағы Апиче қаласы.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетейік, дәл осы өңірде 1980 жылы күшті жер сілкінісі болған еді.
Сонымен қатар Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін Чилиде цунами қаупі жарияланған еді.