Итті бір тепкені үшін Теміртау қаласының тұрғыны өмірімен қоштасты

ҚАРАҒАНДЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында жас жігіт ер адамды оның итін бір тепкені үшін өлтірген, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Теміртау қаласының 6-шы шағын ауданындағы бір үйдің кіреберісінде денесіне пышақ сұғылған 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Теміртау қаласының ІІБ криминалдық полициясының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, 23 жастағы жігітті құрықтады. Ол өзінің қылмысын мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күндіз жас жігіт итін есік алдына алып шыққан. Итімен серуендеп жүргенде 48 жасар көршісі кезігіп, жетектеп жүрген итін теуіп жіберген.

«Дәл сол күні кешке иттің иесі 31 жастағы ағасымен келе жатып, өзінің көршісін жолықтырған. Кенет күндіз итін тепкен сол екені есіне түсіп, бетінен жұдырықпен ұрып, онымен қоймай, қалтасындағы пышағын алып, кеуде тұсына сұғып алған. Қансыраған көршісі қанша қашса да, иттің иесі артынан қуып жетіп, тағы бірнеше мәрте арқасын тіліп кеткен. Сөйтіп қансыраған күйі аулада қалдырып, өз жолымен кете берген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшулағышына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 96-бабы бойынша (кісі өлтіру) қалмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар