Израиль әскері Бейруттің орталық аудандарына соққы берді

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскері Ливан астанасы Бейруттің екі орталық ауданына соққы берді, алты адам қаза тауып, 36 адам жараланды, деп хабарлады Анадолы.

Израиль әскері Бейруттің орталық аудандарына соққы берді
Фото: Анадолы

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Рас әл-Неба мен Мар Иляс аудандарына оқ жаудырылған.

Шабуыл жексенбі, 17 қараша күні болған. Күндіз Рас-ән-Небахқа жасалған соққылардың салдарынан төрт адам, оның ішінде бір әйел қаза тапқан, тағы 14 адам, оның ішінде екі бала жараланған.

Сол күні кешке Израиль әскері Мар Илясты атқылап, екі адам қаза тауып, 22 адам жараланған.

Бұдан бір күн бұрын Израиль армиясы Рас-әл-Небадағы ғимаратқа оқ жаудырып, Ливандағы Хезболла қозғалысының өкілі Мұхаммед Афифиді өлтіргені хабарланған болатын.

Ливанның NNA ақпарат агенттігінің түсіндіруінше, шабуылдың нысанасы Араб Социалистік «Баас» партиясының кеңсесі орналасқан жеті қабатты ғимарат болған. Сондай-ақ, Мар Илястағы бір электроника дүкенінің атқылағаны, аймақта ұзақ уақыт бойы түтіннің көтерілгені айтылды.

Соңғы жаңалықтар