Израиль әскері Газа секторына әуеден соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскерилері ХАМАС пен Палестиналық жихад ұйымдарының командирлері өлтірілгенін мәлімдеді. Газа секторындағылар 20 адам, соның ішінде 3 баланың мерт болды, деп хабарлады Euronews.
Израиль тарапының хабарлауынша, әуе соққысы салдарынан радикалды исламистік ХАМАС ұйымының қарулы жасағының командирі өлтірілген. Ол 2023 жылғы 7 қазанда Нахаль-Оз әскери базасына жасалған шабуыл кезінде тұтқынға алынған Ноа Марцианоның өліміне жауапты болған. Израиль әскері Марцианоның палестиналық «аш-Шифа» ауруханасында қаза тапқанын айтады.
Басылымның жазуынша, Израиль қорғаныс армиясы сәрсенбі күні Газа секторының бірнеше ауданында жүргізілген операциялар барысында ХАМАС пен «Палестиналық исламдық жиһадқа» тиесілі тағы екі командирдің жойылғанын да хабарлаған.
🔴 ELIMINATED: Muhammad Issam Hassan al-Habil, head of a Hamas terror cell, who brutally murdered IDF observer Corporal Noa Marciano while she was held in captivity.
— Israel Defense Forces (@IDF) February 4, 2026
In response to a blatant ceasefire violation, the IDF & ISA carried out the strike. Marciano was abducted from… pic.twitter.com/DcKK0bsz14
Ал Палестина тарапы әуе соққылары салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқанын, олардың арасында үш бала барын мәлімдеді. Сондай-ақ соққылар уақытша қоныс аударған тұрғындар орналасқан шатырлы лагерьлерге бағытталғаны айтылды.
Бұған дейін Рафах шекара өткелі бүгін шектеулі режимде ашылатыны хабарланған еді. Бұл — Мысыр мен Газа секторы арасындағы жалғыз өткел. Аталған бекет 2024 жылғы мамыр айынан бері жабық тұрған.
Алайда Газа секторында әскери операцияның жалғасуына байланысты, басылым мәліметінше, Рафах өткізу пункті арқылы науқастарды Мысырға эвакуациялау уақытша тоқтатылған.
— ХАМАС Израильді қол жеткізілген келісімдерді бұзды деп айыптайды. Ал Израиль тарапы барлық тұтқын (тірідей не өлі күйде) қайтарылғаннан кейінгі негізгі мақсат - ХАМАС-ты қарусыздандыру болатынын тартады. Израиль әскері «сары сызық» деп аталатын аумақта содырлар тарапынан тұрақты түрде оқ атылып жатқанын, сондай-ақ қарулы топтардың жедел жәрдем көліктерін адамдар мен қару-жарақты тасымалдау үшін пайдаланатынын және қоныс аударған тұрғындар арасында жасырынатынын мәлімдеді, — делінген хабарламада.
1 ақпан күні Израиль әуе соққыларынан Газа секторында кемінде 32 палестиндік қаза тапқаны туралы жаздық.