Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талль әл-Ахмар ауданына соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі Эль-Кунейтра провинциясының оңтүстік бөлігінде орналасқан Талль әл-Ахмар аш-Шарки ауданына соққы жасады, деп хабарлайды Анадолы

Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талль әл-Ахмар ауданына соққы жасады
Фото: Anadolu Ajansı

Басылымның мәліметінше, әзірге қаза тапқандар немесе материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.

Сирияның мемлекеттік «Аль-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, израильдік күштер аталған ауданға пулеметтерден оқ атқан.

Шабуылдан кейін өңірде құрбандар немесе материалдық шығындар туралы ресми мәлімдемелер жасалған жоқ.

Ресми Дамаск Израильдің Эль-Кунейтра мен Дераа ауылдық аймақтарына жасаған рейдтері мен бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдары 1974 жылы қол қойылған «Күштерді ажырату туралы келісімді» ашық түрде бұзу болып саналатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Сирия президенті Ахмед Шарааның мәлімдеуінше, 2024 жылғы 8 желтоқсан мен 2025 жылғы 18 шілде аралығында Израиль армиясы Сирияның әртүрлі өңірлеріне 1000-нан астам әуе соққысын жасап, шамамен 400 жерүсті рейдін өткізген.

Бұған дейін Израильдің Сирияның оңтүстігіне қайтадан басып кіргені хабарланған болатын

Соңғы жаңалықтар