Израиль Сыртқы істер министрі Венесуэланы өңірдің тұрақтылығын бұзды деп айыптады

АСТАНА. KAZNFORM – Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Парагвайға сапары барысында Венесуэланы Оңтүстік Америкада ливандық «Хезболла» мен палестиналық ХАМАС арасында «көпір» қызметін атқарып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Анадолы. 

 Гидеон Саар
Фото: Анадолы

Бұл туралы Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Парагвай сыртқы істер министрі Рубен Рамирес Лесканомен бірге өткізген брифинг барысында мәлім етті,

-Оңтүстік Америкада қылмыстық желілер бар, ал Таяу Шығыста есірткі терроризмінің альянстары құрылып жатыр. Олардың тоғысқан жері Венесуэла. Бүгінгі таңда террористік мемлекеттер өздерінің бақылауындағы аумаққа ғана емес, өңір мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр,-деп мәлімдеді ол.

Саар сонымен қатар Венесуэла президенті Николас Мадуроны өңірдің тұрақтылығын бұзды деп айыптады. Оның сөзінше, Мадуро өңірді миграциялық дағдарысқа әкелді, ол Венесуэлада терактілер ұйымдастыратын база құрған.

Израиль министрі парагвайлық әріптесі Лесканоны Израильдің ең жақын достарының бірі ретінде атап өтіп, Парагвайға 2018 жылы елшілікті Иерусалимге көшіруге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Парагвай Израильді қолдап, 65 мәлімдеме жасады.

Саар Парагвай үкіметінің ХАМАС және «Хезболламен» қатар Ислам революциясы сақшылар корпусын да террористік ұйымдар қатарына қосу туралы шешімін жоғары бағалады.

-Парагвайды осы тарихи қадаммен құтықтаймын. Өзге мемлекеттерге осы әрекетті үлгі етуді ұсынамын, - деді ол.

Парагвайдың қорғаныс министрі Оскар Гонсалестің қатысуымен өткен осы сапар рәсімінде тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Израиль министрі сонымен қатар Аргентинаға да баруды жоспарлап отыр. Оның бағдарламасы өңірлік дипломатия мен қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастыққа негізделген.

Осыған дейін Израиль генералдарының ХАМАС шабуылының алдын алмағаны үшін жұмыстан шығарылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар