Израиль ұлттық құрамасымен серіктестіктен бас тартқан алпауыт брендті сотқа бермек
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Reebok компаниясын ұлттық құрамамен келісімді бұзуға әрекет жасағаны үшін сотқа бермек болды, деп хабарлайды Анадолы.

Израиль футбол құрамасымен келісімшартты бұзуға талпынғаны үшін Израиль Reebok компаниясына сот ісін қозғау туралы ескерту жасады.
Ұлыбритандық БАҚ-тың хабарлауынша, Reebok Израиль футбол құрамасымен келісімшартты бұзуға және команда жейдесінен өз логотипін алып тастауға тырысқан. Алайда кейіннен компания бұл шешімінен бас тартқан көрінеді.
— Израиль футбол қауымдастығының (IFA) президенті Моше Зуарес, Reebok және оның жергілікті өкілі арасында өткен келіссөздерден кейін компания келісімді бұзу ниетінен бас тартты. Осылайша, ұлттық құрамалардың халықаралық матчтардағы формасында Reebok логотипі бұрынғысынша сақталады, — делінген IFA мәлімдемесінде.
Reebok компаниясы 2024 жылдың ақпанында IFA-мен келісімшартқа отырған болатын. Бұл келісім Puma және Errea компанияларының пропалестиналық белсенділер ұйымдастырған бойкот қысымынан кейін әріптестіктен бас тартуынан соң жасалған.
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 66 097 палестиналық қаза тауып, 168 536 адам жараланғаны хабарланды.
Осыдан бұрын спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильге шектеу қоюды ұсынды. Француздық жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді қосқанда 48 қолы бар мәлімдеме Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қарым-қатынасы үшін өкілеттілігінен шеттетуді сұрады.