Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар Алматы әуежайына қонады

Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар мінген рейс санаулы минуттардан соң Алматы әуежайына қонады, деп хабарлайды Kazinform

израиль
Фото: freepik.com
отандастар
Фото: Kazinform

Израильден елге ұшып келе жатқан отандастарымызды қарсы алушылардың қарасы көп. Солардың бірі Мамажановтар отбасы. Олар әжелерін тағатсыздана күтіп тұр. Әсіресе, немерелері апаларын қатты сағынғандарын жеткізді.

«Біз апамызды күтіп тұрмыз. Ата-анам қатты уайымдады. Өйткені, Израильде соғыс басталып кетті. Мен апамды көрмегелі алты жылдай болды»,- дейді сегіз жастағы Диас.

Кеше таңғы сағат 8:00-де Израильдегі қазақстандықтарды елге қайтару үшін арнайы Air Astana ұшағы аттанған еді.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Израильдегі соғыс жағдайына байланысты ондағы «Болашақ» стипендиаттары елге қайтарылатынын мәлімдеген.

Айта кетейік, Израильдегі Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Kazinform агенттігіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндаған еді.

Еске салайық, 7 қазан күні палестиналық ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасады.

Кейн Газа секторынан атылған зымырандардың бірі Тель-Авивтегі Бен-Гурион халықаралық әуежайының маңына түскені белгілі болды.