Jibek joly телеарнасы Астана халықаралық форумынан тікелей эфирде хабар таратады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана халықаралық форумы (AIF) 29-30 мамырда өтеді. Jibek joly телеарнасының тікелей эфирі сағат 10:30-да басталады.

Бүгін форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ресми делегация жетекшілерімен, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Әлем көшбасшылары мен алпауыт қауымдастық өкілдерінің басын қосқан жиында нендей тақырып талқыланбақ? Жиын Қазақстанның экономикалық әлеуетіне қандай өзгеріс әкелуі ықтимал? Kazinform аналитикалық шолушысы сарапшылар пікірін сабақтастыра жауап іздеді.
Айта кетейік, Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан да тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 10.30-да басталады.