15:50, 15 Маусым 2016 | GMT +5
К.Мәсімов: Бастысы - Ақтөбе облысының қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуы
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиғадан кейін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына баса назар аудару қажет. Бұл туралы бүгін өңір жұртшылығымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.

«Мен өңірдегі жағдаймен танысуға келдім, қандай проблемалар бар, орталық облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қандай қолдау көрсететіні жайлы айтамыз. Қазір басты міндет - облыстың қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуы. Басты назар әлеуметтік мәселелерге аударылады», деді К. Мәсімов.
Оған жұмыссыздық, мектеп, балабақшалар жағдайы, шағын және орта бизнесті дамыту, «100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру кіреді.