Қала әкімінің жаңажылдық шыршасына 900-ден астам бала шақырылды

АҚТӨБЕ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде жаңа жылға арналған көптеген мерекелік шаралар өтіп жатыр.
None
None

Қалалық әкімдіктің бөлім бастығы Мадияр Қабыловтың сөзіне қарағанда, осы жылы 900 балаға арналған қала әкімінің 10 таңертеңгілік шарасын өткізу жоспарлануда. Оған жетім балалар, мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары шақырылды.

Келе жатқан Жаңа жылдың қарсаңында әкімдіктен 3 мыңнан астам сыйлықтар табыс етіледі. Атап айтсақ, сыйлықтар жалғыз басты және қарт тұрғындарға, көп балалы аналарға, 100 жасқа жетіп, ұзақ жасаған адамдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне беріледі.

Сондай-ақ қала мекемелері қайырымдылық белгісі ретінде зейнеткерлер мен кедей адамдарға сыйлық табыс етеді.

Жаңа жыл түнінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында «Қош келдің, Жаңа 2012 жыл!» атты дәстүрлі мәдени шара өтеді. Аталмыш шараның аясында халық серуені мен отшашу болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар