«Қаладан ауылға» бағдарламасы арқылы БҚО-да 78 отбасы ауылға қоныс аударды
АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында «Қаладан ауылға» өңірлік бағдарламасы жүзеге асып жатыр.
«Биыл Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалармен қатар «Қаладан ауылға» өңірлік бағдарламасы бастау алды. Аталған бағдарлама арқылы БҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам адам қаладан ауылға көшті. Бұл жоба шекара маңындағы ауылдарды дамытуға және қала тұрғындарының ауылдарға жаппай қоныс аударуын қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында қоныс аудару үшін 57 ауыл белгіленіп, жыл басынан бері 78 отбасы (402 адам) ауылға қоныс аударды», - деді Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысында ауылға еңбек етуге баратын мамандардың көтерме ақысы артты.
Бұған дейін аталған өңірде үш жылдың ішінде 620 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ облыс басшысы Орал қаласында 1 мың орындық спорт кешені пайдалануға берілетінін айтты.