Қалдықтардан электр өндіру: Қазақстанның қай қалаларында жаңа зауыттар салынады
АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда қоқыс жағатын зауыттар салу бойынша қарастырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

– Қоқыс жағатын зауыттарға бюджет қаражаты бөлінбейді. Бұл бизнес. Сондықтан қазір қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіруді және сол арқылы табыс табуды көздейтін компаниялардың инвестициялық жобаларын қарастырып жатырмыз, – деді министр Сенатта өткен брифингте.
Бүгінгі таңда бұл жобаға Алматы, Шымкент және бірқатар өңірлердің компаниялары қызығушылық танытып отыр.
– Қазіргі уақытта біз бүкіл жүйені Алматы қаласымен пысықтап жатырмыз, компаниямен келісімшарттарға қол қою шарттары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды Е.Нысанбаев.
Бұған дейін Қазақстанда барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасы әзірленетіні хабарланған еді.
Сондай-ақ, кәдеге жарату төлемдері өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салуға жұмсалуы мүмкін.