Калифорнияның бас прокуроры Трампты сотқа берді

АСТАНА. KAZINFORM – Калифорнияның бас прокуроры Роб Бонта дүйсенбі күні Трамп әкімшілігін Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия cарбаздарын орналастыруына байланысты сотқа берді, деп хабарлайды NBC News

Генеральный прокурор Калифорнии Роб Бонта
Фото: youtube видеосынан алынған скрин

Арызда соттан президент Дональд Трамптың Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомға өтінім бермей тыйым салу шешімі «заңсыз» екені және оны жою керек деп шешу талабы қойылған.

Бонтаның мәлімдеуінше, Трамптың бұйрығы «губернатор Ньюсомның Калифорния Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысы ретіндегі рөліне нұқсан келтіреді және штаттың Ұлттық гвардияны бақылау мен қолдауға деген егемен құқығын бұзады».

Бонта талапта Қорғаныс министрлігі губернаторлық кеңсеге Калифорния Ұлттық гвардиясын орналастыру туралы тікелей хабарласпағанын және федералды агенттер мен федералды мүлікті қорғау үшін әскери күштерді пайдалануға рұқсат сұрамағанын атап өтті.

Дүйсенбіде сотқа арыз бермес бұрын өткен баспасөз мәслихатында Бонта Трампты «саяси мақсаттары үшін орындарда хаос пен дағдарыс тудыруға тырысты» деп айыптады.

Ол сондай-ақ 1965 жылы президент Линдон Джонсон азаматтық құқықтарын қорғау үшін шеруге шыққан адамдарға Алабамаға әскер жіберген кезден бері бұл губернатордың келісімінсіз алғаш рет әскери күш қолданылғанын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі билік иммиграциялық қызмет жүргізген рейдтерден кейін шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыс кезінде Лос-Анджелеске 700 теңіз жаяу әскерін жіберіп жатқанын растады.

Соңғы жаңалықтар