Калинин ауылдық округі әкімінің халықпен есепті кездесуіне ШҚО әкімі қатысты

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс әкімі Глубокое ауданындағы Калинин ауылдық округінің әкімі Талғат Тағанбековтің округ халқы алдындағы есепті жиналысына қатысты. Онда ауыл тұрғындары облыс, аудан және округ басшыларына бірқатар сұрақтар қойды. Бұл сұрақтар округтегі түйткілді мәселелерге арналды. Мысалға Калинин ауылдық округінің Березовка ауылында ауылдың бір бөлігі ғана орталықтандырылған су сүйесіне қосылған, ал су құбырларының тозығы жеткен,
Облыс әкімі мемлекеттік сараптама жасалғаннан кейін сумен қамтуды жақсарту үшін мемлекеттік сараптама жасалғаннан кейін келесі жылы «Ауызсу» бағдарламасы бойынша қаржы бөлінетінін айтты.
Б.Сапарбаев ауыл тұрғындарына аймақ экономикасының 2009 жылғы экономикалық даму қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, әсіресе «Туған жеріңе табын!» акциясы ауқымында меценеттардың қолдауына айрықша тоқталды. Бұл орайда Глубокое ауданының төрт шаруа қожалығының басшылары Березовка ауылдық клубын қалпына келтіруде өнеге көрсетуде. Облыс әкімі сондай-ақ үстіміздегі жылдың жоспарларына баса назар аударды, жергілікті билік органдарының алдына бірқатар міндеттер қойды.