Камчаткада 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Камчатка аумағында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТАСС

Камчаткада 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды
Фото: t.me/kbgsras

Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің филиалының мәліметінше, жерасты дүмпуі Петропавловск-Камчатский қаласынан 213 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзаланың эпицентрі 47,4 шақырым тереңдікте болған.

Сондай-ақ соңғы бір сағат ішінде Камчатка аумағында тағы үш жер сілкінісі тіркелді: олардың магнитудасы 5,1, 4,0 және 4,3 шамасында. Бұл дүмпулер Петропавловск-Камчатскийден тиісінше 485, 182 және 166 шақырым қашықтықта болған. 

Айта кетелік Камчатканың шығыс жағалауында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болған еді

Соңғы жаңалықтар