05:58, 22 Қараша 2025 | GMT +5
Камчаткада 6 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Камчаткада 6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады, деп жазды Report.
Жер сілкінісі Петропавл-Камчатскийден оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпуі 65,6 шақырым тереңдікте тіркелген.
Айта кетейік, Ауғанстанда 6,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты. Елде жараланғандар саны 320-дан асқан.
Сондай-ақ Жапонияда 6,7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Иватэ префектурасының шығыс жағалауында цунами туралы ескерту жариялады.