Камчаткада күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Петропавл-Камчатский қаласынан 99 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Oxu.Az сайты жазды.

Камчаткада күшті жер сілкінісі болды
Фото: Oxu.Az

Жер сілкінісі туралы Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Telegram-арнасы хабарлаған. 

Қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 52 шақырым тереңдікте орналасқан. Қала тұрғындарының түрлі аудандарынан жазылған пікірлерге қарағанда, сейсмикалық оқиға айтарлықтай сезілген.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Камчатка түбегінде 6,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген еді.

Бұл осы аймақтағы қатарынан төртінші жер сілкінісі болатын.

 

Соңғы жаңалықтар