Камчаткада тағы да жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Камчаткада 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТАСС.

Эгей теңізінде магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Камчаткада магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады.

Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 65,3 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жерасты дүмпулері Петропавловск-Камчатский қаласынан 275 км қашықтықта болған.

Әзірге жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Еске салсақ, шілденің аяғында Камчатка тарихында ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 8,7-ге жетті.

Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін Чилиде цунами қаупі жарияланғаны белгілі болды.

Бұл аздай өңірдегі жер сілкінісінен кейін Ключевская Сопка жанартауы атқылай бастады.

Кейіннен Камчатка жағалауында бір сағат ішінде сегіз жер сілкінісі тіркелгені анықталды.

30 шілдеде болған күшті жер сілкінісінен кейін Камчатка түбегінің оңтүстік бөлігі оңтүстік-шығысқа қарай 2 метрге жуық жылжып кетті.

Соңғы жаңалықтар