Канада Қазақстанмен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға ниетті

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді бекітеді. Бұл туралы бүгін Астанада Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездескеннен кейінгі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None
«Бүгінгі сапар аясында Канада Сыртқы істер министрі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Канада арасындағы үкіметаралық келісімге қол қоюға ниетті. Бұл маңызды келісім болып табылады. Атап айтқанда бұл сала екі ел үлкен жетістіктерге қол жеткізді», - деді Е. Ыдырысов. Осы орайда министр бұл саладағы қарым-қатынастар жоғары технологиялық ынтымақтастық үшін жаңа перспективаларды ашатындығын сөз етті. Өз кезегінде Джон Бэрд атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты қолдайтындығын айта келе: «бұл біздің әлеуметтік-экономикалық салалардағы ынтымақтастығымызды нығайта түседі деген ойдамыз. Сонымен қатар осындай келісімге қол қоятын елдер арасында өзара сенімділік те арта түседі», - деді. Мұнымен қоса Канада министрі Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау бағытындағы көшбасшылық бастамаларын жоғары бағалайтындығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар