Канадада 550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті

Жай түсті
Фото: vancouver.citynews.ca

АСТАНА. KAZINFORM — Ванкуверден Лондонға бағыт алған Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағына найзағай түсті. Бортта 550 жолаушы болған.  

СityNews басылымының мәліметінше, лайнерге орнатылған найзағайға қарсы арнайы жүйенің арқасында ұшақ ішіндегілер апаттан аман қалған. Бұл жайттан кейін  ұшақ ұшуын жалғастырып, Хитроу әуежайына қонды. 

«Ұшақ Ванкувер халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай найзағай соқты», - деп жазды аталған басылым.

Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосы желіде кең тарап кетті. 

АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, жолаушылар ұшағын жылына орта есеппен 1-2 рет найзағай түседі. 

 

Соңғы жаңалықтар