09:23, 03 Ақпан 2025 | GMT +5
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді.

ҰҚК баспасөз қызметі көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталғанын мәлімдеді.

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан азаматтарына қандай қаруларды иеленуге рұқсат етілетінін жазған болатынбыз.