Қар аралас жаңбырдан кейін Ақтау көшелерін су басты

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау шағын аудандары аумағында қар аралас жаңбыр салдарынан жиналған суды тазалау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қар аралас жаңбырдан кейін Ақтауда көшелерін су басты
Фото: Ақтау әкімдігі

Шағын аудан ішіндегі автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер аймақтарында су жиналудың алдын алу мақсатында арнайы техника мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылған.

Аталған жұмыстарға 5 ассенизатор, 10 мотопомпа және 40-қа жуық коммуналдық мекеме қызметкері тартылып, тазалау шаралары тәулік бойы, күндізгі және кешкі мезгілдерде атқарылып жатыр.

Қар аралас жаңбырдан кейін Ақтауда көшелерін су басты
Фото: Ақтау әкімдігі

— Қауіпті учаскелер тұрақты бақылауда болып, қажеттілік туындаған жағдайда қосымша күштер мен техника жұмылдырылады. Қала аумағындағы жағдай әкімдік тарапынан бақылауда, жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр, — деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.

Айта кетейік, қаланың өзге шағын аудандарындағы су сору шаралары кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Бұдан бұрын Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар