Қар, үсік, қатты жел: ертең Қазақстанның 17 облысына ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — 21 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман және қатты жел күтіледі. Кей жерлерде үсік жүріп, желдің екпіні 29 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Қар, үсік, қатты жел: ертең Қазақстанның 17 облысына ескерту жасалды
Фото: freepik

Қарағанды облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа, түнде кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.

Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Ұлытау облысы

Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысы

Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз облыстың шығысында желдің екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді.

Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысы

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді.

Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысы

Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысы

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар қаласында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысы

Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Облыстың шығысында және таулы аудандарында қалың қар жауып, жер бетінде бұрқасын соғады.

Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 24–29 м/с-қа дейін жетеді.

Өскемен қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысы

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жер бетінде бұрқасын соғады.

Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 24–29 м/с-қа дейін жетеді.

Семей қаласында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15–20 м/с болады. Түнде желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауады.

Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, жер бетінде бұрқасын соғады.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с болады.

Петропавл қаласында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысы

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың таулы аудандарында, ал күндіз солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қаласында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Жетісу облысы

Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с болып, кей уақытта екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның үш мегаполисінде 2026 жылғы 21 және 22 қазанға арналған ауа райының толық болжамын жариялаған болатын.