22:55, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Қарағанды облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
- 9 қараша күні сағат 22:30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1066 шақырымындағы (Қарағанды қаласынан Молодежный ауылына дейінгі) учаскеде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, - делінген ақпаратта.
Жолды 2025 жылғы 10 қараша сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жолдардың жабылуы мен ашылуы туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық карта» бөлімінен көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылатыны хабарланған болатын.