Қарағанды облысында ауыл әкімі қарамағындағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау ауылының әкімі 23 жастағы бойжеткенді зорлалы деп күдікке ілінді. Қазіргі уақытта экс-шенеунік қамауда отыр. 

Қарағанды облысында ауыл әкімі қарамағындағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде ауыл әкімін бірнеше жыл бойы оның қарамағында жұмыс істеген қызын қорлады деп айыптаған әйелдің бейнеүндеуі жарияланды. Бұдан бөлек, күдікті зардап шеккен қыздың ата-анасымен дос болған

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау камерасында отыр.

«Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

— Тергеу мүддесі аясында өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жағдайға Шет аудандық әкімдігі де түсінік берді. Белгілі болғандай, күдікті Ақшатау ауылының басшысы қызметін атқармаған.

— Қылмыстық іс қозғалған кезде ол кент әкімі қызметін атқармады. Бұл іс жеке сипатқа ие, — деп хабарлайды Шет аудандық әкімдігі.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтауда қыз зорлау туралы істің бас фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар