Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты
ҚАРАҒАНДЫ.KAZINFORM – 2 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы облыс тұрғыны дәрігерлермен сөзге келіспей қалып, соққыға жыққан. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

— Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылмақ, — делінген ақпаратта.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті — қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылғанын жазған едік.
Қоғамда осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон пайдалана бастады.