02:25, 06 Ақпан 2026 | GMT +5
Қарағанды облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 6 ақпан сағат 02:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автомобиль жолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты тағы үш облыста жол жабылғанын хабарлаған еді.
6 ақпанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды.