Қарағандыда Құрбан айтта мал соятын орындар анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағандыда Құрбат айтта мал союға арнлаған ресми үш нүкте белгіленді.

Шымкентте Құрбан айт мерекесіне орай мал союға арналған ресми орындар белгіленді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Биыл Құрбан айт мерекесі жұма, 6 маусымда атап өтіледі. Қарағандыда құрбандық шалу үшін арнайы жабдықталған орындар дайындалды.

Қалада бар-жоғы осындай үш орын бар:

- Резник көшесі, 18 (ЖК «Әбішева А. О».);

- Гоголь көшесі, 2/23 («Арай kz» ЖШС);

- Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбандыққа шалу үшін арнайы сайт іске қосылғанын жариялаған болатын – qurban.muftyat.kz порталынан жануарларды таңдап, төлем жасауға болады

Қошқарларды және ешкілерді бір адам құрбандыққа шалатын болса, ірі қара мал мен түйелерді жеті адамға дейін бірігіп, құрбан етуге рұқсат етіледі.

Құрбандық шалғаннан кейін тапсырыс берушілерге рәсім барлық ережеге сай жүргізілгенін растайтын бейне және фотоесеп беріледі. Құрбандық еті дәстүрлі түрде мұқтаж жандарға таратылады.

Осыған дейін Орал, Ақтөбе, Петропавл және Шымкент қалаларында Құрбан айт мерекесіне орай мал союға арналған ресми орындар белгіленгені жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел өңірлеріндегі Құрбан айт намазының кестесін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар