Қарағандыда үйдегі дәмханадан шыққан түтіннен 31 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы Республика даңғылында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қарағандыда тұрғын үйдегі дәмханадан шыққан түтіннен 31 адам эвакуацияланды
Фото: Видеодан скрин

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмхананың сорғыш жүйесінен түтін шығып, ұшқын атқылағаны байқалған.

— Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында подъезден 31 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

ТЖМ төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.

Осыдан бұрын Астанада да тұрғын үйдегі кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шеккені туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар