Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіттің соты бүгін онлайн өтеді

ұрып-соғу
Фото: видеодан алынған кадр

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Бүгін Қарағандыда тағы бір атышулы іс онлайн режимде қаралады. 

Жоғарғы сот республика бойынша сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырып жатыр.

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасаған адамның сотының жалғасы Қарағанды қаласында, бүгін, 17 маусым сағат 11:00-де өтеді.

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан мына сілтемеде көруге болады. 

Еске сала кетейік, биыл 27 қаңтарда ер адам науқасқа келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалып, жұдырық ала жүгірген болатын.

Бұл жанжалға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған. Сосын ол қашып кетті. 

Депутат Елнұр Бейсенбаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіні тез арада табуды талап етті.

1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.

Кейіннен Ішкі істер министрлігі күдіктінің жазасыз қалмайтынын жеткізген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram