Қарағандыдағы полиция пунктіндегі оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің мәйітінің табылуы оқиғасына қатысты пікір айтты. 

Қарағандыдағы полиция пунктіндегі оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы тергеу тобын құрдық. Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті де осы іске жұмылдырылды, яғни қызметтік тексеруді де жүргізіп жатырмыз. Бүгін сот-медициналық сараптаманың өткізілуін күтіп отырмыз, сондықтан бұл іс бойынша барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіледі, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аумақтық полиция департаментінің кез келген лауазымды тұлғаларының кінәсі дәлелденсе, оларға қатысты ең қатаң тәртіптік шаралар қолданылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 қазан күні Қарағандыда полицияның бір тірек пунктінде әйел адамның мәйіті анықталды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар