Қарағанды облысы полицейлерінің қатары ІІМ академиясының 74 түлегімен толықты

ҚАРАҒАНДЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ІІД-де қарағандылық полицейлердің қатарын толықтырған ІІМ академиясының түлектерін қабылдау өтті, деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

«Биыл ведомстволық жоғары оқу орнының 74 түлегі өз кәсіптеріндегі алғашқы қадамдарды жасайды. Дәстүр бойынша оларды Қарағанды облыстық ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров, басқармалардың басшылары және қарағандылық полиция ардагерлері құттықтады», - делінген хабарламада.

Қарағанды облыстық ІІД әскери және еңбек даңқы мұражайының директоры Айжамал Айтжанов жиналғандарды облыстық ІІБ-нің тарихымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар