20:50, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Қарағанды облысында 36 мыңнан астам әйел көлік жүргізеді
ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 36 мыңнан астам жүргізуші әйел бар, деп хабарланды өңірлік ІІД жол полициясы басқармасынан.

Бүгін қарағандылық жол полицейлері 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған акция өткізді.
Тіркеу-сынақ және әкімшілік тәжірибе құрылымдары әйелдерге кезексіз қызмет көрсетті, құжаттарды қабылдау үшін жеке терезелер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ акция Қарағандының орталық көшелерінде жалғасты. Жол полицейлері жүргізуші-әйелдерді мерекелерімен құттықтап, оларға гүл мен тәттілерді сыйға тартты.