Қарағанды облысында аязда жолда сынып қалған автобустан Өзбекстанның 54 азаматы құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында полицейлер Новосібірден Ташкентке бағыт алған автобустағы Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті.
None
None

Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен демалыс күндері құрамында полиция аға лейтенанты Серік Еспергенов, полиция аға сержанты Әсет Жабағин бар Қарағанды облысы ІІД жол-патрульдік полициясы батальонының экипажы республикалық «Қызылорда-Павлодар» автожолын бақылауға шыққан. Олар 991 шақырымдағы Петровка ауылына бұрылыста тоқтап тұрған «Мерседес» автобусын байқайды, көлік ішінде Өзбекстан Республикасының 54 азаматы және екі жүргізуші болған», - делінген хабарламада.

Ол Новосібірден Ташкентке бағыт алған автобус болып шықты. Жолда көлік сынып қалған. Жолаушылар тоңа бастаған.

Полицейлер көмекке тағы бір экипаж шақырды. Жолаушыларды арнайы көлікке, жолшыбай кетіп бара жатқан көліктерге отырғызып жақын маңдағы дәмханаға жеткізді. Артынша жүргізушілерге автобусты шығаруға көмектесіп, кемпингке дейін жеткізіп салды.

Соңғы жаңалықтар