Қарағанды облысында екі полицей жол апатынан қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Шахтинск-Қарағанды» тас жолында «Мерседес-Бенц» пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі полицей қаза тапты. Бұл туралы аймақтың ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, 16 наурызда «Шахтинск-Қарағанды» тас жолында көктайғақ және жолдың көрінбеуінің салдарынан «Мерседес-Бенцтің» 22 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Рено» жүк көлігіне соғылды. Оқиға салдарынан «Мерседес-Бенцтің» 22 жастағы жүргізушісі және 34 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды, сонымен қатар 28 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

«Мерседес-Бенцтің» жүргізушісі мен жолаушылары Шахтинск қ. ІІБ қызметкерлері.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар