Қарағанды облысында екі жасөспірім өз-өздеріне қол жұмсады

«8 қараша күні таңертеңгі уақытта Бұқар жырау ауданы Қызылқайың ауылының тұрғыны өз үйінің сарайында 14 жастағы ұлын жабын бөренесіне асылып тұрған күйінде тауып алған. Анасы ұлының қалтасынан «Әке, ана, қош болыңдар, кешіріңдер» деп жазған өлім алдындағы хатты тапты. Біраз уақыттан кейін сарайда асылып қалған баланың досы және сыныптасы, 15 жастағы жасөспірім ауылдың шетіндегі ағашта асылған күйі табылды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Өзіне-өзі қол жұмсаған қос жасөспірім де тәрбиелі отбасылардың балалары екендігі атап өтілген баспасөз қызметінің хабарламасында. Мектеп оқытушылары екеуін де адам жатырқамайтын жайдары балалар деп сипаттады. Олардың оқуда қиындықтары болмаған, бірі спортпен айналысқан, түрлі сайыстарға қатысқан және мектептің үздік оқушысы деп саналған. Психологтардың бағалауы бойынша, бұл жасөспірімдерден өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмаған.
«Өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», - деп жалғастырды облыстық ІІД баспасөз қызметінде.