Қарағанды облысында кәсіпкерді Көкпекті ісі бойынша үш жылға бас бостандығынан айырды

«В.Крючков ҚР ҚК 245-бабы 2-бөлімі, ҚР ҚК 228-бабы бойынша айыпты деп танылсын. Үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді», - деген үкімді Бұқар жырау аудандық сотының судьясы Рафаил Дурдыев жариялады.
Сот қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты екі экс-шенеунікті - Көкпекті ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бақытжан Смаилов пен Бұхар жырау аудандық ТЖБ экс-басшысы Ринат Жантөлековты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Олар бейжайлық танытты деп айыпталған.
Жапа шеккендердің 1,3 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын азаматтық шағымдары қанағаттандырылмады.
Судья материалдық залалдың орнын өтеу туралы шағымдар азаматтық сот өндірісі тәртібінде қарала алатынын түсіндірді. Сот сотталғандардан мемлекет пайдасына 5 млн. теңге сот шығындарын өндірді.
Үкімге шағымдануға болады.