Қарағанды облысында полицей сот арқылы интернеттен өзінің беделін түсіретін бейнероликті алдыртып тастауға мәжбүр етті

«Сот талап-шағымында «Youtube» интернет-ресурсында орналастырылған бейнеролик себепші болды, онда полицейді құқыққа жатпайтын әрекеттерге барды және заңды білмейді», деп кінәлаған болатын», - делінген хабарламада.
Ведомствода түсіндіргендей, полиция қызметкері қызмет міндеттерін атқару кезінде түсірілген. Оқиға 2013 жылғы қазанда болды.
«Учаскелік инспектор өзі қызмет көрсететін аумақтағы үйдің тұрғындары арасындағы жанжалға байланысты шақырылды. Көршілер жер учаскесін өзара бөлісті және жанжал тараптарының бірі полицейдің келгенін жақтырмады. Ж.Ешмағамбетов заңсыз әрекеттерге тоқтау салды, алайда өз атына балағат сөздерді естіді. Жанжал жасаған әке мен баланы әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өз кезегінде олар түсірілген бейнені интернетке салып, тәртіп сақшысын заңсыз әрекеттерге барды және заңдарды білмейді», деп айыптады, деп әңгімеледі ол ІІД-нің баспасөз қызметінде оқиға туралы.
Полицей үш сот инстанциясында, кассациялық алқаға дейін жеңіп шықты.
«Бейнеролик авторары сот шешімімен Интернет-ресурсынан оған орналастырылған видеоны өшіріп тастады және сот шығындарын төледі», деп атап өтілген хабарламада.