Қарағанды облысында полицейлер төрт адамды өрттен аман құтқарды

ҚАРАҒАНДЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Осакаров АІІБ-нің қызметкерлері төрт адамды, соның ішінде екі баланы өрттен аман құтқарды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Осакаровка кентіндегі екіқабатты үйде болған өрт кезінде полицейлер төрт адамды құтқарды, соның ішінде 7 және 13 жастағы екі бала болды. Үйде екі пәтер жанды. Құлыпталған есіктердің артынан көмек сұраған дауыстар естілді. Өртке қарсы қызметкерлердің келуіне дейін полицейлер есіктерді бұзып, иіс тиіп уланған адамдарды сыртқа шығарып үлгерді», - деп айтып берді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Құтқаруға тергеуші, полиция капитаны Шыңғыс Сыздықов, полиция лейтенанты, учаскелік инспектор Алмат Қайымбеков, кезекшінің көмекшісі, полиция страшинасы Жамболат Тайшүбеков пен жүргізуші, полицияның аға сержанты Тимур Тканов қатысты.

Полиция басшылығы қайсарлық көрсеткендері үшін қызметкерлерді марапаттау жөнінде шешім қабылдады, деп атап өтті ведомствода.

Соңғы жаңалықтар