Қарағанды облысында полиция қызметкерінің қатысуымен жол апаты орын алды, бір адам қаза болып, жеті адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша тобының 29 жастағы инспекторының қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Полицияның ақпараты бойынша, апат кешке Бұқар жырау ауданының Ботқара ауылында орын алған.

«ВАЗ-21120» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, Бұқар жырау ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша тобының инспекторы жолдың қарсы бетіне шығып, Қарқаралы ауданы Тоқтар ауылының 52 жастағы жүргізушісі басқарып келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігімен соғылған. Апат салдарынан 1 адам қаза болып, жетеуі жарақаттанды», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Алдын ала болжам бойынша полицей көлікті басқару тетігіне ие бола алмай қалған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар