Қарағанды облысында су тасқынын қаперге алмаған ТЖ басшылары жұмыстан шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су тасқынын дер уақытында қаперге алмаған аудандық ТЖ басшылары жұмыстан шығарылды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Iшкi iстер вице-министрi Владимир Божко мәлiм еттi.
None
None

"Бұл апатты кейiн зерттей бастағанда, онда су тасқыны болады деп ешкiм сенбеген және көп көлемде су келгенде Ұлытау ауданында бүтiндей бiр ауыл су астында қалды. Содан соң оларға, "3 күн бұрын үлкен су келедi деп ескерткен едiк қой" дегенiмiзде, "кешiрерсiңдер, бiрақ бiзде бұл өзендерде 70 жылдан берi су болған емес" деп дүрсе қоя берді", - дейдi В. Божко.

Оның сөзiне қарағанда, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментi басшыларының және кейбiр әкiмдердiң осындай салғырттығынан бiраз ауылдар үлкен судың келуiне дайын болмай шыққан.

"Бiрақ "бiзде ешқашан су болмаған" деген сөздер үшiн бiз су тасқынын қаперге алмаған ТЖД-нiң бiрнеше басшыларын жұмыстан шығардық және бiрқатар әкiмдердi салғырттық танытқаны үшiн оларды жазалау жөнiнде ұсыныспен шықтық", - деп атап өттi вице-министр.

Соңғы жаңалықтар